Tvistlösningsklausuler – kazakiska
Här hittar du SCC:s tvistlösningsklausuler på kazakiska
Төрелік Ережелері
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап ССП Төрелік Институтының Төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешіледі.
Ұсынылатын қосымшалар:
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
Жылдамдатылған төрелік ережелері
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап ССП Төрелік Институтының Жылдамдатылған төрелік сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешіледі.
Ұсынылатын қосымшалар:
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
Аралас бап
Жылдамдатылған төрелік ережелері бірінші таңдау ретінде.
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап ССП Төрелік Институты (бұдан әрі – «ССП») басқаратын төрелік арқылы түпкілікті шешіледі.
Егер ССП істің күрделілігін, дау сомасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, Төрелік ережелері қолданылуы керек деп өз қалауы бойынша айқындамаса, Жылдамдатылған төрелік ережелері қолданылады. Соңғы жағдайда, ССП сондай-ақ Төрелік трибуналының бір немесе үш төрешіден тұратынын шешеді.
Ұсынылатын қосымшалар:
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
Аралас бап
Сомаға негізделген.
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап ССП Төрелік Институты (бұдан әрі – «ССП») басқаратын төрелік арқылы түпкілікті шешіледі.
Егер дау сомасы 100 000 еуродан аспаса, Жылдамдатылған төрелік ережелері қолданылады. Егер дау сомасы 100 000 еуродан асып кетсе, Төрелік ережелері қолданылады. Егер дау сомасы 100 000 еуродан асып, бірақ 1 000 000 еуродан аспаса, Төрелік трибуналы бір төрешіден тұрады. Егер дау сомасы 1 000 000 еуродан асып кетсе, Төрелік трибуналы үш төрешіден тұрады. Дау сомасына Төрелік туралы өтінімде қойылған талаптар және Төрелік туралы өтінімге жауапта қойылған кез келген қарсы талаптар кіреді.
Ұсынылатын қосымшалар:
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
ССП Экспресс
бар дауды ССП Экспресс-ке беру туралы үлгі келісім.
Төменде қол қойған тараптар осы арқылы [Келісім-шарттың атауы/күнінен] туындайтын және [дау сипаттамасына] қатысты өз дауын ССП Төрелік Институтының Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес іс жүргізуге беруге келіседі.
Мүмкін болатын қосымшалар (1 және 2 қосымшалар – балама нұсқалар):
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады.
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады. Егер тараптардың бірі бағалауды алғаннан кейін [30] күн ішінде төрелік сұраса, бағалау төрелік трибуналы өзгеше бұйырмаса немесе шешпесе ғана міндетті және заңды күшке ие болады.
- Тараптар кейінгі төрелікте немесе өзге де түрде Бейтарап тұлғаның қорытындыларын және ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес бағалау контекстінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты пайдалануы мүмкін.
- [Тараптардың бірі] ССП Дауды жедел бағалау ережелерінің § 11-не сәйкес ССП Экспресс шығыстарын төлеуге жауапты болады.
ССП Экспресс
шарттың нақты ережесіне қатысты дауларды ССП Экспресс-ке беру туралы үлгі шарт.
[Осы шарттық ережені] түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда, төмендегілер қолданылады.
Осы келісімге байланысты туындайтын даулардың ауқымын шектеу мақсатында, тараптар, егер дау [осы шарттық ережесін] түсіндіруге немесе қолдануға қатысты болса, бірінші кезекте ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес бағалауды сұрауы тиіс деп келісті. Алайда, бұл түсінік тараптардың кез келген уақытта дауды [осы келісімнің […] тармағында] белгіленгендей, төрелікке жіберуіне кедергі келтірмейді.
Мүмкін болатын қосымшалар (1 және 2 қосымшалар – балама нұсқалар):
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады.
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады. Егер тараптардың бірі бағалауды алғаннан кейін [30] күн ішінде төрелік сұраса, бағалау төрелік трибуналы өзгеше бұйырмаса немесе шешпесе ғана міндетті және заңды күшке ие болады.
- Тараптар кейінгі төрелікте немесе өзге де түрде Бейтарап тұлғаның қорытындыларын және ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес бағалау контекстінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты пайдалануы мүмкін.
- [Тараптардың бірі] ССП Дауды жедел бағалау ережелерінің § 11-не сәйкес ССП Экспресс шығыстарын төлеуге жауапты болады.
ССП Экспресс
шартты түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды ССП Экспресс-ке, ал егер дау шешілмесе, ССП төрелігіне беру туралы үлгі шарт.
Осы келісімнен туындайтын дау туындаған жағдайда, тараптар алдымен ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес дауды немесе дау үшін маңызды белгілі бір мәселе(лер)ді бағалауды сұрауға келіседі.
Алайда, бұл түсінік тараптардың кез келген уақытта осы келісім бойынша туындайтын дауларды төрелікке жіберуіне кедергі келтірмейді және мұндай жағдайда осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап ССП Төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешіледі.
Ұсынылатын қосымшалар:
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
Мүмкін болатын қосымшалар (1 және 2 қосымшалар – балама нұсқалар):
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады.
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады. Егер тараптардың бірі бағалауды алғаннан кейін [30] күн ішінде төрелік сұраса, бағалау төрелік трибуналы өзгеше бұйырмаса немесе шешпесе ғана міндетті және заңды күшке ие болады.
- Тараптар кейінгі төрелікте немесе өзге де түрде Бейтарап тұлғаның қорытындыларын және ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес бағалау контекстінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты пайдалануы мүмкін.
- [Тараптардың бірі] ССП Дауды жедел бағалау ережелерінің § 11-не сәйкес ССП Экспресс шығыстарын төлеуге жауапты болады.
ССП Экспресс
ССП Экспресс және ССП төрелігі екі қадам ретінде қарастырылған көп сатылы дауды шешу шарты.
[Осы келісімнен/осы ережеден] туындайтын даулар бірінші кезекте [тараптардың келісімінде белгіленген даулы мәселелерді талқылау тәртібімен, мысалы, бас директорлар арасындағы кездесулер арқылы] реттелуі тиіс.
Егер дау [жоғарыдағы тармақта] белгіленгенге сәйкес шешілмесе, тараптар, екінші қадам ретінде, ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес дауды немесе дау үшін маңызды белгілі бір мәселе(лер)ді бағалауды сұрауға міндеттенеді.
Егер дау жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес шешілмесе, тараптар дауды ССП Төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешуге жіберуі тиіс.
Төрелік орны […].
Төрелік іс жүргізуі тілі […].
Осы шартқа […] материалдық құқығы қолданылады.
Бұл түсінік тараптардың кез келген уақытта осы келісім бойынша туындайтын дауды жоғарыдағы тармаққа сәйкес төрелікке жіберуіне кедергі келтірмейді.
Мүмкін болатын қосымшалар (1 және 2 қосымшалар – балама нұсқалар):
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады.
- Бейтарап тұлғаның ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес ұсынылған қорытындылары тараптар үшін шарт бойынша міндетті болып табылады. Егер тараптардың бірі бағалауды алғаннан кейін [30] күн ішінде төрелік сұраса, бағалау төрелік трибуналы өзгеше бұйырмаса немесе шешпесе ғана міндетті және заңды күшке ие болады.
- Тараптар кейінгі төрелікте немесе өзге де түрде Бейтарап тұлғаның қорытындыларын және ССП Дауды жедел бағалау ережелеріне сәйкес бағалау контекстінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты пайдалануы мүмкін.
- [Тараптардың бірі] ССП Дауды жедел бағалау ережелерінің § 11-не сәйкес ССП Экспресс шығыстарын төлеуге жауапты болады.
Үлгі Медиация Шарты
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап, егер тараптардың бірі қарсы болмаса, ССП Төрелік Институтының Медиация ережелеріне сәйкес медиацияға жіберіледі.
Үлгі Медиация Шарты
Аралас Шарт
Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты, немесе оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе талап, егер тараптардың бірі қарсы болмаса, алдымен ССП Төрелік Институтының Медиация ережелеріне сәйкес медиацияға жіберіледі.
Егер тараптардың бірі медиацияға қарсы болса немесе егер медиация тоқтатылса, дау түпкілікті шешілуі тиіс…
Маңызды!
Үлгі шартты пайдаланғанда, төмендегі нұсқалардың бірін енгізу қажет.
Нұсқа 1
… ССП Төрелік Институтының Төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы.
Нұсқа 2
… ССП Төрелік Институтының Жылдамдатылған төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы.
Нұсқа 3
…ССП Төрелік Институтында (ССП) төрелік арқылы.
Егер ССП істің күрделілігін, дау сомасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, ССП Төрелік Институтының Төрелік ережелері қолданылуы керек деп айқындамаса, Жылдамдатылған төрелік ережелері қолданылады. Соңғы жағдайда, ССП сондай-ақ трибуналдың бір немесе үш төрешіден тұратынын шешеді.
Нұсқа 4
…құзыретті юрисдикцияның кез келген сотында.
Бар дауды ССП Төрелік ережелері бойынша қарауға беру туралы үлгі келісім
Төменде қол қойған тараптар осы арқылы [Келісім-шарттың атауы/күнінен] туындайтын және [дау сипаттамасына] қатысты өз дауын ССП Төрелік Институтының Төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешуге беруге келіседі.
Төрелік трибуналы [бір төрешіден] [үш төрешіден] тұрады.
Төрелік орны [ ] болып табылады.
Төрелік іс жүргізуі тілі [тілді көрсетіңіз].
Дау […] құқығына сәйкес шешілуі тиіс.
Қолдар
1-Тарап:
Күні:
Аты-жөні:
Лауазымы:
2-Тарап:
Күні:
Аты-жөні:
Лауазымы:
Бар дауды ССП Жылдамдатылған төрелік ережелері бойынша қарауға беру туралы үлгі келісім
Төменде қол қойған тараптар осы арқылы [Келісім-шарттың атауы/күнінен] туындайтын және [дау сипаттамасына] қатысты өз дауын ССП Төрелік Институтының Жылдамдатылған төрелік ережелеріне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті шешуге беруге келіседі.
Төрелік орны [ ] болып табылады.
Төрелік іс жүргізуі тілі [тілді көрсетіңіз].
Дау […] құқығына сәйкес шешілуі тиіс.
Қолдар
1-Тарап:
Күні:
Аты-жөні:
Лауазымы:
2-Тарап:
Күні:
Аты-жөні:
Лауазымы:
**ССП Төрелік Институты бұрын Стокгольм сауда палатасының Төрелік Институты ретінде белгілі болған.